Димаш Құдайберген Нью-Йоркте ғарыштық шоумен өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте ғарыштық шоумен өнер көрсетті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 10 желтоқсан кешінде Нью-Йорктегі атақты Barclays Center аренасында Arnau tour ENVOY жаңа шоуымен концертін өткізді, деп хабарлайды VRK News.

Димаштың Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өтті. Barclays Center аренасының залы лық толы болды және жанкүйерлердің шаттана айқайынан сөзбе-сөз құлақ тұндырды. Димаш «Елім менің» әнін бастағанда, жай ғана ойға келмейтін жағдай болды! Әннің ерекше визуалды сүйемелдеуі, стильдендірілген Қазақстан туы және Димаштың орындауындағы туған жер туралы жолдар қазақ даласының, қазақ жерінің нағыз әнұранына айналды.

Америкада тұратын, Димаштың концертіне келген қазақтар көз жасын жасырмай жылады. Қанша жақсы өмір сүрсе де, адамда Отанға деген сағыныш әрқашан болады. Егер қуаныш градусын өлшеуге болса, залдағы температура ең жоғары белгіні көрсетер еді. Энергетика асып-тасыды, бұл жай ғана эмоциялар мұхиты болды!

Концерт бағдарламасы көрермендерді заманауи түсіндірмедегі қазақтың төл өнерімен таныстырды. Әншіні бүкіл әлемге қазақ мәдениеті мен музыкасының елшісі деп атайтыны кездейсоқ емес.

Шоудың басты тақырыбы «ғарыштық тақырып» болды. Сондай-ақ әнші осы жазда Нұр-Сұлтанда орындаған концерттік бағдарламаның үздік сәттері енгізілді. Шоуда ескі хиттер де, осы бағдарлама үшін арнайы жасалған жаңа туындылар да орындалды. Димаш қазақ, ағылшын, орыс, қытай, француз және итальян тілдерінде ән шырқады.

Концертке Димаш шығармашылығының жанкүйерлері сөзбе-сөз топ-топ болып келді.

Instagram-дағы жарияланым

Бұған дейін Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда атақты қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді жанкүйерлер тобы қызу қарсы алғаны хабарланған болатын.

Димаш концерттері: 2019 жылғы 10 желтоқсан — Нью-Йорк, 2020 жылғы 16 ақпан — Краснодар, 2020 жылғы 20 ақпан — Қазан, 2020 жылғы 23 ақпан — Екатеринбург, 2020 жылғы 7 наурыз — Рига, 2020 жылғы 9 наурыз — Мәскеу, 2020 жылғы 11 наурыз — Киев, 2020 жылғы 19 наурыз — Гамбург, 2020 жылғы 21 наурыз — Дюссельдорф, 2020 жылғы 25 наурыз — Прага, 2020 жылғы 28 наурыз — Штутгарт, 2020 жылғы 4 сәуір — Минск.

Көзқарас. Шындық. Қазақстан.