Түркістан облысының құтқарушылары хабар-ошарсыз кеткен төрт туристі құтқарды, деп хабарлайды VRKNews.kz, облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар хабарлағандай, 22 мамырда сағат 22:10-да 112 нөміріне 22 мамырда сағат 11.00-де Сусинген көлінен шығып, «Алтын-Дан» демалыс аймағына бет алған, бірақ оралмаған демалушылардың жоғалғаны туралы хабар түсті.
Төлеби ауданының Керегетас, Қасқасу ауылдарынан 5 км жердегі Наутсай шатқалында 17 құтқарушы, бір кинолог, екі техника бірлігі, төрт полиция қызметкері және Ұлттық парктің бес қызметкері жұмылдырылды.
Жоғалған төрт туристі 23 мамырда түнгі екі мен үштің арасында Наутсай шатқалынан 10 км жердегі Құлыншақты тау ауданынан тапты. Жоғалғандардың айтуынша, олар тұманда адасып кеткен.
Таңғы алты мен жеттінің арасында іздестіру тобы жоғалғандарды базасына жеткізді, оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖ


