Ғалым: COVID-19-дан басқа COVID-26 және COVID-32 де болады

Ғалым: COVID-19-дан басқа COVID-26 және COVID-32 де болады

Мамандар 2026 және 2032 жылдары жаңа індеттерден аулақ болу үшін COVID-19-дың шығу тегін анықтауы қажет. Бұл туралы VRK News хабарлағандай, АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстондағы Бэйлор медицина колледжінің Тропикалық медицина ұлттық мектебінің деканы Питер Хотез мәлімдеді.

«Бұл — XXI ғасырдағы коронавирустың үшінші ауқымды індеті немесе пандемиясы. Ана табиғат бізге ары қарай не болатынын түсіндіріп жатыр. Егер біз COVID-19-дың шығу тегін толық анықтамасақ, COVID-26 және COVID-32 болады», — деп мәлімдеді Хотез NBC телеарнасының эфирінде.

Ғалым Қытайдың Хубэй провинциясына, жаңа коронавирустың тұңғыш рет тіркелген жеріне, кемінде жарты жылға вирусологтарды, эпидемиологтарды, сондай-ақ жарқанат бойынша сарапшыларды жіберуді ұсынады.

«Бұл тек Қытайдың немесе АҚШ-тың ғана емес, бүкіл әлемнің мүддесіне сай», — деп атап өтті ол. Провинцияда вирус үлгілерін, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың қанын жинау қажет.

Сыртқы материал: www.nbcnews.com

Питер Хотез мұндай зерттеулердің өтуі үшін Қытайға қысым жасау керек деп санайды. Ол Пекин сараптама жүргізуге қарсы болса, санкциялар енгізу мүмкіндігін де қарастыру керек деп есептейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) халықаралық сарапшылар тобы 2021 жылдың қаңтар-ақпанында Қытайда COVID-19 пайда болу себептерін тергеу жүргізді. Мамандардың болжамы бойынша, жаңа коронавирустық инфекция алдымен жануарлар арасында таралып, содан кейін адам, шамасы, елдегі жабайы жануарлар саудасына байланысты жұқтырған.

Көзқарас. Шындық. Қазақстан.