Жапонияның экс-премьері «өмір белгісін бермейді» — дәрігерлер

Жапонияның экс-премьері «өмір белгісін бермейді» — дәрігерлер

Дәрігерлердің хабарлауынша, қастандық жасалған Жапонияның экс-премьері Синдзо Абэ «өмір белгісін бермейді», деп хабарлайды VRKNews.kz.

Жедел қызмет қызметкерлерінің мәліметінше, Синдзо Абэ «өмір белгісін бермейді». Кейбір деректер бойынша, оның клиникалық өлімі болуы мүмкін. Шабуылдаушы, 40 жастағы жергілікті тұрғын, ұсталып, жауап алынып жатыр. Ер адам қамауға алуға қарсылық көрсеткен жоқ.

Жапонияның NHK телеарнасы экс-премьер Синдзо Абэге оқ атылған сәттің кадрларын жариялады.

Кадрларға қарағанда, қастандық жасаушы бұрынғы премьерге кемінде екі рет, арқасынан, жақын қашықтықтан оқ атқан. Абэге мылтықпен атқаны хабарланады. Экс-премьердің өзі қастандық сәтін көрмеген, өйткені сөз сөйлеп тұрған.

Полиция 40 жастан асқан ер адамды кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен ұстап, қазір жауап алуда. Полицияның хабарлауынша, олар оқиға орнынан ер адам қолында ұстаған болуы мүмкін қаруды алды.

Оқиға орнындағы NHK тілшісі Абэнің қанға малынғанын хабарлайды. Тілші сондай-ақ екі мылтық атылғанына ұқсас дыбыстарды естіді.

Оқиға болған жер Нара қаласындағы Ямато-Сайдайдзи станциясының жанында.

Бұрынғы премьер-министрге жасалған қастандықтан кейін Жапония үкіметі дағдарыс штабын құрды. Қазіргі үкімет басшысы Фумио Кисида Токиоға шұғыл жетті.

Жапонияның экс-премьеріне қастандық жасалғаны 8 шілдеде белгілі болды. Жәбірленушіні ауыр күйінде шұғыл ауруханаға жеткізді.

Көзқарас. Шындық. Қазақстан.