Лионель Месси керемет жасамаса да, дүрбелең тудырғаны анық. Өйткені ол маусымның үздік ойыншысы атанып қана қоймай, Аргентинаға 36 жыл бойы болмаған аңсаулы кубокты қайтарды.
Сондай-ақ желі қолданушыларын команда капитанының жеңіске деген реакциясы қозғады, деп хабарлайды VRKNews.kz.
«Қаншама армандадым, қаншама қаладым бұны… Қазір бәрінің болғанына сенбей тұрмын. Отбасыма, мені қолдаған барша адамға, сондай-ақ бізге сенгендерге үлкен рахмет», — деп жазды спортшы керемет матчтан кейін Instagram-да.
Қызығы, Месси Аргентинаның ӘЧ-дағы жеңісі туралы дәл осы жазбасы 53+ млн-ға жетіп, спортшылар арасындағы лайк бойынша Роналдудың рекордын жаңартты. Ол Instagram-дағы барлық жазбалар арасында екінші орында тұр.
Жаңалық жарияланған сәтте Аргентина құрамасы капитанының әлем чемпионатындағы жеңіске арналған жазбасы 43 млн-нан астам лайк жинады.
Месси жазбасы Louis Vuitton жарнамасы бар фотосуреттің рекордын жаңартты, оны Криштиану Роналду шамамен бір ай бұрын жариялаған. Ол жарияланымда 42 млн-нан сәл астам лайк бар.
«Отбасыма, мені қолдайтын барлық адамға, сондай-ақ бізге сенген барша адамға үлкен рахмет. Біз аргентиналықтар бірге, тату күресіп жатқанда барлық қойған мақсаттарымызға жете алатынымызды тағы да көрсеттік. Әрқайсымыз команданы өзімізден жоғары қойдық», — деп жазды Месси.
Матчта Месси дубль жасады: негізгі уақытта пенальтиден гол салды, қосымша уақытта Уго Льорис қақпасына ойыннан гол соқты. Сондай-ақ пенальти сериясында да нақты соққы жасады.
Лайк саны бойынша Месси жазбасы тек 2019 жылдың қаңтарында «Әлемдік рекорд орнатайық, Instagram-дағы ең көп ұнатылған жазба болсын» деген жазумен жарияланған тауық жұмыртқасының фотосуретінен ғана кем. Қазіргі уақытта оның 55,9 млн-нан астам лайкі бар.
Айтпақшы, Месси отбасы ойынға толық құрамда қатысты. Финал ысқырығынан кейін алаңға Лионельдің анасы жүгіріп шығып, баласын жеңісімен жеке өзі құттықтады. Одан кейін чемпионның әйелі мен балалары салтанат қуанышын бөлісу үшін оның құшағына ұмтылды.
«Біз сені терең мақтан етеміз. Ақыры сен әлем чемпионысың! Сенің мұны қаншалықты қалағаныңды және мақсатқа қалай жеткеніңді білеміз», — деп жазды Антонелла Рокуццо Instagram-да.
Еске салайық, 18 желтоқсанда Аргентина турнирдің басты матчында Франция құрамасын жеңді. Екі негізгі тайм 2:2 есебімен аяқталды, қосымша уақытта командалар гол алмасты, ал матчтан кейінгі пенальти сериясында оңтүстікамерикалықтар дәлірек болды — 4:2. Турнир қорытындысы бойынша Месси ӘЧ-дың үздік ойыншысы деп танылды.


