Қазақстандық «Astana Pro Team» велокомандасының жаттығуларының бірінде жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды VRK News Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«... Біздің гонщиктер Евгений Гидич пен Вадим Пронский Испаниядағы Альтеяда жаттығу кезінде көлікпен соқтығысты. Екі гонщик апаттан кейін көп ұзамай ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады велокомандасының ресми Twitter парақшасы.
Кейін спортшылардың жай-күйі туралы ақпарат пайда болды.
«Гидич ауыр жарақаттан аман қалды, тек қолы сәл көгерді, ал Пронский тізесін ауыр жарақаттады, иегіне де бірнеше тігіс салынды», — деп айтылған «Астана» командасының хабарламасында.
Gidich escaped with a small hand bruising, while Pronskiy has got a serious knee injury and a few stitches have been applied on his chin. #AstanaProTeam pic.twitter.com/vnoSzGFiFN
— Astana Pro Team (@AstanaTeam) December 30, 2019


