Голландия әлем картасынан 200 мың еуроға жоғалды

Голландия әлем картасынан 200 мың еуроға жоғалды

Нидерланд 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап өз елін Голландия деп атауды доғарды, деп хабарлайды VRK News.

Шешімге бизнес жетекшілері, туристік кеңес және ұлттық үкімет қол қойған ұлттық ребрендинг 2019 жылдың соңында-ақ басталған.

Нидерланд үкіметі мұндай шара елді есірткі мен жезөкшелікпен байланысты орын бейнесінен арылтады деп есептейді (Амстердамдағы қызыл шамдар көшелері).

Ребрендинг үшін үкімет Нидерландты шетелде жылжыту мақсатында елдің жаңа логотипін әзірледі, «Голландия» сөзін «Нидерланд» сөзіне ауыстырды. Жаңа логотип Нидерландты білдіретін ағылшын әліпбиінің «N» және «L» екі әрпінен тұрады, оған әлі де қызғалдақ кіріктірілген. Осы жылдың қаңтарынан бастап министрліктер, елшіліктер және басқа да мемлекеттік органдар бұл логотипті өз веб-сайттарында, сондай-ақ фирмалық бланкілер мен визиткаларда пайдалана бастады.

«Бұл Нидерландты шетелде заманауи түрде көрсетудің өте практикалық тәсілі. Ребрендингтің жалпы құны, елдің логотипін әзірлеуді және жалпы редизайн, сайттарды бейімдеу, жаңа кеңсе керек-жарақтарын шығару шығындарын қоса алғанда, 200 000 еуроны құрайды. Бұл ауқымды ребрендинг үшін шағын қаражат», — деп Нидерландтың сыртқы сауда және ынтымақтастық министрі Сигрид Кааг әлі қарашада мәлімдеген.

Жаңа стратегия аясында Нидерланд келесі жылы мамырда Роттердамда өтетін «Евровидение» ән байқауында, сондай-ақ 2020 жылғы Токио Олимпиада ойындары кезінде елдің ресми бренді болады.

Қазіргі уақытта Нидерланд 12 түрлі провинциядан тұрады. Голландия сөзі шын мәнінде олардың екеуіне ғана қатысты — Noord-Holland (Солтүстік Голландия) және Zuid-Holland (Оңтүстік Голландия) — және оны туристік кеңес елді жылжыту үшін шамамен 25 жыл бұрын пайдаланған.

Көзқарас. Шындық. Қазақстан.