Коронавирус жұқтырғандар саны 95 мыңға жетті. Иран дәрігерлері науқастар үшін билеп жүр

Коронавирус жұқтырғандар саны 95 мыңға жетті. Иран дәрігерлері науқастар үшін билеп жүр

Worldometers онлайн-сервисінің мәліметінше, 5 наурызда (Нұр-Сұлтан уақытымен 02.25-те) 95161 жұқтырған және 3252 қаза тапқан адам тіркелді. Қазіргі уақытта коронавирус 83 елде тіркелді, деп хабарлайды VRK News.

Иран — Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейінгі аурудың таралуының әлемдегі үш ошағының бірі және коронавирустан болатын өлім деңгейі бойынша Қытайдан кейінгі екінші ел.

Елде 92 өлім жағдайы және 2922 жұқтыру жағдайы тіркелді. Енді Иранда қайтыс болғандардың саны 92 адамды құрайды.

Сонымен бірге, жалпы үрейдің аясында Иран медиктері науқастарды түрлі жолмен қолдауға тырысуда. Олар тіпті билей бастады! Желіде пайда болған билеп жүрген медиктердің бейнероликтері жүздеген мың лайк пен жағымды пікір жинады.

Бейнелердің көпшілігінде дәрігерлер шығыс әуендеріне билейді.

Иран белсендісі Масих Алинеджад қазірдің өзінде күйзеліс жағдайында еңбек етіп жүрген дәрігерлерді мақтады.

«Олар ауыр еңбегі үшін біздің сүйсінуімізге лайық. Олар сондай-ақ қасіретті жағдайдан қуаныш тудыра алуы тиіс», — деп жазды Масих «Твиттерде».

As the #CoronaVirus outbreak has spreads, Iran's health care workers are under enormous pressure.

They deserve our admiration for their hard work.

They can also create joy out of a dismal situation. A video showing an Iranian nurse dancing with a lively human spirit. pic.twitter.com/f5dOkRDyvh

— Masih Alinejad ?️ (@AlinejadMasih) February 29, 2020

Кейбір пайдаланушылар биінің ерекшелігіне назар аударды, оны «дәрігер — мейірбике» челленджі деп атады.

Көзқарас. Шындық. Қазақстан.