Жанат Сүлейменов Жамбыл облысының полиция басшысы болды

Жанат Сүлейменов Жамбыл облысының полиция басшысы болды

ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болып Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды, деп хабарлайды VRK News.

Бұған дейін ол ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған (12.2017-04.2019).

Жаңа бастықты жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Жанат Сүлейменов 1962 жылғы 22 шілдеде Қарағанды облысының Кен-Жарық ауылында дүниеге келген. 1984 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін және 2001 жылы Қазақстан ІІМ Академиясын бітірген.

1984-1997 жылдары Көкшетау облысы ішкі істер басқармасының жедел-басшы құрамының әртүрлі лауазымдарында болды.

1998-2001 жылдары ІІМ қылмыстық полиция департаментінің Бас қылмыстық іздестіру басқармасының жеке адамға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Содан кейін 2003 жылға дейін ІІМ есірткі бизнесімен күрес департаментінде, кейін 2004 жылға дейін ІІМ қылмыстық полиция департаментінде жұмыс істеді.

2009 жылы ІІМ Есірткі бизнесімен күрес және есірткінің айналымын бақылау комитетін басқарды. 2011-2012 және 2013-2014 жылдары ІІМ Қылмыстық полиция комитетін басқарды.

2014-2017 жылдары Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ішкі істер департаменттерін басқарды.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына 2017 жылғы желтоқсанда бекітілді.

Көзқарас. Шындық. Қазақстан.