2020 жылғы әлемдегі ең әлсіз 20 құпиясөз

2020 жылғы әлемдегі ең әлсіз 20 құпиясөз

Танымал NordPass құпиясөз менеджерінің әзірлеушілері 2020 жылғы ең әлсіз 200 құпиясөздің тізімін жариялады, деп хабарлайды VRK News.

Ең әлсіз құпиясөздер тізімі екі параметр бойынша құрастырылған: бұзу бағдарламаларына осы комбинацияларды алуға неше секунд кететіні және олардың пайдаланушылардың жария болған дерекқорларында қаншалықты жиі аталатыны.

NordPass құпиясөз менеджерлерінің шешімдерін жеткізушісі 2020 жылы деректердің ағып кетуі кезінде ашылған 275 699 516 құпиясөзді талдады. Олардың тек 44%-ы «бірегей» болып шықты.

Ең танымал «әлсіз» құпиясөздер «123456», «123456789», «picture1», «password» және «12345678» комбинациялары болып қала береді. Олардың әрқайсысын ашу бірнеше секундты алады.

Компания пайдаланушыларға «aaaa» немесе «123abc» сияқты қайталанатын таңбалардан, сондай-ақ телефон нөмірі, туған күні немесе аты сияқты толық құпия болмауы мүмкін жеке деректер негізінде құпиясөз таңдаудан аулақ болуды кеңес берді.

Онда сондай-ақ ұзындығы 12 таңбадан кем емес құпиясөз құруды, бас және кіші әріптерді, цифрлар мен таңбаларды біріктіруді ұсынады. Соңында, АҚ зерттеушілері құпиясөздерді кемінде 90 күнде бір рет ауыстыруды және екі факторлы аутентификацияны пайдалануды кеңес береді. Құпиясөзді құру үшін генераторларды пайдалануға, ал сақтау үшін Keeper, LastPass немесе Dashlane секілді тегін менеджерлерді қолдануға болады.

NordPass қазіргі рейтингті өткен жылғымен салыстырды. Мәселен, өткен жылы «onedirection» құпиясөзі тізімде 184-орынды алған, ал биыл рейтингте жоқ. «Ashley» өткен жылы құпиясөз ретінде пайдаланылған ең танымал есім болды (26-орын). Биыл құпиясөз 31-орынға түсіп, «aaron431» (18-орын) оған жол берді. Құпиясөздердің жартысынан азы (78) тізімнің «жаңадан келгендері» болды.

Міне, топ-20 осындай:

  1. 123456
  2. 123456789
  3. picture1
  4. password
  5. 12345678
  6. 111111
  7. 123123
  8. 12345
  9. 1234567890
  10. senha
  11. 1234567
  12. qwerty
  13. abc123
  14. Million2
  15. 000000
  16. 1234
  17. iloveyou
  18. aaron431
  19. password1
  20. qqww1122
Көзқарас. Шындық. Қазақстан.