2021 жылы Нобель сыйлығының сомасы шамамен 1,2 млн доллар болады

2021 жылы Нобель сыйлығының сомасы шамамен 1,2 млн доллар болады

Биыл Нобель сыйлығының ақшалай құрамы әр номинацияда, былтырғыдай, 10 млн крон ($1,19 млн) болады. Бұл туралы VRK News ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Нобель сыйлығы 2020 жылы әр санатта 9 млн швед кронасынан 10 млн-ға дейін ұлғайтылды. Соңғы жылдары Нобель қорының қаржылық жағдайын нығайту бойынша атқарылған жұмыс ақшалай құрамды арттыруға мүмкіндік берді. Сыйлықтың 2021 жылғы сомасын Нобель қорының басқармасы сыйлықтың әр санаты үшін 10 млн швед кронасы мөлшерінде белгіледі», — делінген қордың баспасөз релизінде.

Нобель қорының жалпы инвестицияланған капиталының нарықтық құны 2020 жылдың соңында 5,176 млрд швед кронасын (616,19 млн доллардан астам) құрады. Қордың меншігіндегі мүліктің құнын есепке алмағанда, инвестициялық капиталдың мөлшері 4,882 млрд швед кронасын (581,19 млн доллардан астам) құрайды. 2020 жыл ішінде инвестициялық капиталдың рентабельділігі 8,5% болды.

2021 жылғы Нобель апталығы Стокгольмде 4 қазанда физиология және медицина саласындағы лауреатты жариялаудан басталады; одан кейін 5 қазанда физика, 6 қазанда химия, 7 қазанда әдебиет бойынша лауреаттың есімі аталады, ал 8 қазанда Ослода бейбітшілік сыйлығының лауреаты, 11 қазанда Стокгольмде тағы да экономика саласындағы Альфред Нобель атындағы Швеция мемлекеттік банкінің сыйлығын иеленушінің есімі жарияланады.

Көзқарас. Шындық. Қазақстан.