Қазақстанда 2021 жылдан бері шетелдікке ЖСН-ді (жеке сәйкестендіру нөмірін) онлайн рәсімдеуге мүмкін болды. Бірақ кеше ғана жаңалық таспалары қызмет «техникалық себептермен» қолжетімсіз болғанын жаза бастады, оның үстіне ескерту жазуында ол қазанға дейін қолжетімсіз болатыны айтылған. Алайда VRKNews.kz хабарлағандай, бүгін, 27 мамырда мерзімдер туралы бұл нақтылау алынып тасталды, енді қызмет жақын арада қайта жаңартылады деп уәде беріп отыр.
Egov.kz сайтында ЖСН-ді онлайн алуға тапсырыс беруге тырысқанда мынадай ақпарат шыға бастады: «Қызмет техникалық себептермен қолжетімсіз. Туындаған ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Қызмет жақын арада қолжетімді болады».

Бір тәулік бұрын Egov.kz сайтында ЖСН-ді онлайн алуға тапсырыс беруге тырысқанда мынадай ақпарат шығатын.
«Бұл қызмет қазіргі уақытта қолжетімсіз. Қызметтің қолжетімділігін қайта бастаудың жоспарланған мерзімі — 2022 жылғы 1 қазан», — делінген хабарламада.
Басқаша айтқанда, қызмет «2022 жылғы 1 қазаннан бастап» қолжетімді болады деген ескертпе жоғалды.
Ресми ақпарат бойынша, шетелдік азамат Egov.kz арқылы онлайн жүгінсе, ЖСН-ді өзі әрі тегін, бір тәулікте ала алады.
ҚР ІІМ деректері бойынша, 17 мамырдағы жағдай бойынша ҚР-да ЖСН-ді Ресей Федерациясының 34 960 азаматы мен Украинаның 606 азаматы алды.
Бұдан басқа, 7 сәуірдегі деректер бойынша, ресейліктер мен беларусьтар Қазақстанда 162 мың банк шотын ашты.
ЖСН дегеніміз не

Жеке сәйкестендіру нөмірі — Қазақстан Республикасының жеке тұлғасына бір рет және өмір бойы беріліп, 12 саннан тұратын бірегей нөмір. Қазақстанда 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап РНН мен ӘЖК-нің орнын басты. Қазақстан азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігінің (2014 жылғы 1 желтоқсаннан бастап) бет және артқы жағында орналасқан: бет жағында төменгі сол жақ бұрышта, артқы жағында куәліктің машинамен оқылатын бөлігінің бірінші жолының соңында.
ЖСН-ді кім береді
Еске салайық, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру ісімен көші-қон полициясы органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы айналысады.
Содан бері жуық уақытқа дейін қызмет электронды түрде көрсетіліп, қызмет нәтижесі бойынша тиісті куәлік PDF форматындағы электронды құжат түрінде беріледі.
Қазақстанда ЖСН рәсімдеу мерзімі
2021 жылдан бастап ЖСН резидент емес адамға Қазақстанға келусіз, бір жұмыс күнінде беріледі.
Шетелдікке ЖСН рәсімдеуге арналған құжаттар
- Шетелдік паспортының скан-көшірмесі.
- Егер шетелдіктің паспортында төлқұжат деректері (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері) кириллицамен жазылмаған болса, паспорттың кириллицаға нотариат куәландырған аудармасының көшірмесін қоса тіркеу қажет.
- Егер паспортта төлқұжат деректері (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері) латын әрпімен жазылмаған болса, паспорттың латын әрпіне нотариат куәландырған аудармасының көшірмесін қоса тіркеу қажет.
- Құжаттардың көшірмелері jpg форматындағы бір файл ретінде, көлемі 1 мегабайттан аспайтындай етіп ресімделуі тиіс. Өзгертілді 21:35
ҚР резиденті емес адам ЭЦҚ-ны қалай алады
Бәрі электрондық цифрлық қолтаңбаны беретін Ұлттық куәландырушы орталықтың сайтындағы арнайы нұсқаулықта жазылған. Мәселен, шетелдікке Қазақстанда бизнес немесе банк шотын ашу үшін дәл ЭЦҚ қажет болады.


