Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын хоккейшілер аталды

Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын хоккейшілер аталды

Қазақстанның 3х3 хоккейден жасөспірімдер құрамасы Астанадағы оқу-жаттығу жиынын аяқтап, Кореяға келді, онда қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына дайындықты жалғастырады, деп хабарлайды Bestnews.kz, Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Команда турнирдегі алғашқы матчын 20 қаңтарда Польшаға қарсы өткізеді. Жаттықтырушылар штабы турнирге арналған құрамды ұсынды: өтінімге 16 жасқа дейінгі 13 хоккейші енді, олар екі қақпашы мен он бір алаңдағы ойыншы.

Қақпашылар: Никита Кулаков, Арсений Кучковский (екеуі де — «Барыс-2008»)

Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы, Матвей Решетько, Әділхан Сәттар, Расул Тұрсынов (бәрі де — «Барыс-2008»), Арман Төлен (Кливленд Баронс, U15 AAA, АҚШ)

Шабуылшылар:

Ануар Ахметжанов, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Жаһангер Тілеухан (бәрі де — «Барыс-2008»), Бексұлтан Мақыш (Бостон хоккей академиясы, U15 AAA, АҚШ)

Бас жаттықтырушы — Рамазан Қайдаров, жаттықтырушы — Дмитрий Колодюк, сервисмен — Абылай Жалмышев.

@serdalina_vse_hockey #viralvideo ♬ түпнұсқа дыбыс - Serdalina. Vse hockey
Көзқарас. Шындық. Қазақстан.