Әлемдік БАҚ деректері бойынша, кемені айналасынан 27 мың текше метр құм алынғаннан кейін шығару мүмкін болды, деп хабарлайды VRK News.
Суэц каналында тұрып қалған Ever Given контейнер тасығышының иесі — жапондық Shohei Kisen компаниясы кеменің тайыздан сәтті шыққанын растады.
Кеме Қытайдан Роттердамға (Нидерланд) бара жатқан еді. Алдын ала хабарлауынша, контейнер тасығышы қатты желден кездейсоқ бағытынан ауытқып кеткен.
Қазір Ever Given-ді бағытына қою әрекеті жасалып жатыр, сонда контейнер тасығышы қозғалысын жалғастыра алады.
Кеме қатынасының қайта жалғасу мерзімі әзірге хабарланбайды. Суэц каналының кіреберісінде 450-ден астам кемеден тұратын кептеліс пайда болды.
Панама туымен жүзетін ұзындығы 400 метр, жалпы сыйымдылығы 220 мың регистрлік тоннадан асатын Ever Given контейнер тасығышы 23 наурызда қатты жел мен құм дауылы салдарынан бағытын өзгертіп, мұрны мен артқы бөлігін өзен арнасының қарама-қарсы жағалауларына тіреп, Суэц каналының бір жолақты оңтүстік бөлігін жауып тастады. Алдымен кемені буксирлердің көмегімен тайыздан жай ғана тартып шығаруға әрекет жасалды — олардың саны осы күндері бестен 17-ге дейін өсті — содан кейін мұрын бөлігінде жер сорғыш кемелердің көмегімен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді.
Bloomberg деректері бойынша, Суэц каналының жабық тұрған бір күні әлемдік саудаға 9 миллиард долларға түседі.
#SuezUnblocked
— ⚜️ Lady Desire® ⚜️?⚜️ (@LadyDesire_) March 29, 2021
es scheint geschehen#EVERGIVEN #Evergreen #EVER_GIVEN https://t.co/qBBu1yeiKS


