Йель университетінің ғалымдары суық тию адамды коронавирустан қорғай алатынын анықтады. Бұл туралы VRK News Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Йель университетінің (АҚШ) Анчи Ву бастаған тобы дәрігерлердің ұзақ жылғы бақылауларына дәлелді негіз тапқан: егер пациент вирустың бір түрімен жұқтырылса, вирустың екінші түрі «қиын» жағдайға түсетін болған. Медиктердің болжауынша, мұндай вирустық бәсеке кейбір суық тию вирустары мен тұмау арасында бар: риновирустар тұмау вирусының дамуына жол бермей, оны басып тастайды.
Енді ғалымдардың деректері бойынша, суық тиюді тудыратын вирус науқаста иммундық жауапты белсендіреді, ол COVID-19-мен жұқтырудың алдын алуы мүмкін. Реакция аурудың ерте сатысында пайда болып, коронавирустың ағзада одан әрі таралуының алдын алады. Жаңа деректер COVID-19-ды емдеудің неғұрлым тиімді тәсілдерін табуға көмектесуі мүмкін.
Эксперимент барысында ғалымдар зертханада тыныс жолдарының тінін өсіріп, оны алдымен суық тиюді тудыратын риновирусқа, содан кейін коронавирусқа жұқтырды. Риновируспен жанасқаннан кейін иммундық жүйе белсендіріліп, SARS-CoV-2-нің таралуын тоқтатты.


