Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 нокаут) келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды VRK News Sports.kz сілтемесімен.
Головкин бразилиялық Эскива Фалькаомен (28-0, 20 нокаут) шайқасады деп күтілуде, ол әуесқойларда 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері болған. Фалькаоның өзі айтқандай, бұл жекпе-жек тамыз айында Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтуі тиіс.
Эскива Фалькао
- Салмақ дәрежесі: Екінші орташа салмақ
- Туған күні: 12.12.1989 (31 жас)
- Туған жері: Витория, Бразилия
- Тұрғылықты жері: Витория, Бразилия
- Елі: Бразилия
- Жекпе-жек тұрысы: солақай
- Бойы: 178 см
- Жекпе-жектер (рекорд): 28-0, 20 нокаут
- Boxrec профилі: Эскива Фалькао
Эскива Фалькао Флорентино (1989 жылғы 12 желтоқсанда туған), бразилиялық кәсіпқой боксшы. Әуесқой ретінде ол 2011 жылғы әлем чемпионатында қола, 2012 жылғы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Оның үлкен ағасы Ямагути Фалькао да кәсіпқой боксшы.
Еске салайық, Геннадий Головкин — IBF және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы.
Бұған дейін 39 жастағы қазақстандық желтоқсан айына WBA Super чемпионы, жапондық боксшы Риота Муратамен (16-2, 13 нокаут) жекпе-жек жоспарлаған болатын.


