Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жетістігімен жеке өзі құттықтады

Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жетістігімен жеке өзі құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны тарихи жетістігімен жылы құттықтады, деп хабарлайды VRKNews.kz, Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Еленаның жоғары шеберлігін, жеңіске деген жігерін және корттағы жоғары мәдениетін атап өтті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ көрнекті спортшыға біздің мемлекеттің туы астында сәтті өнер көрсеткені және оның халықаралық аренадағы беделін көтергені үшін алғыс білдірді.

Президент Елена Рыбакинаның зор жетістігі Қазақстанда теннистің одан әрі дамуына және осы тамаша спорт түріне көбірек бала тартуға түрткі болады деп санайды.

Еске салайық, 8 шілдеде Уимблдон финалында тұңғыш рет Қазақстанның өкілі жеңіске жетті: қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ғажайып ойын, ғажайып турнир көрсетті.

Көзқарас. Шындық. Қазақстан.