Атырау, 15 қазан. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапарымен барып, Атырау мұнай өңдеу зауытына келді және кәсіпорынның экологиялық қызметі бойынша кеңес өткізді.
Атырау МӨЗ 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 4,17 млн тонна шикізат өңдеді. Өңдеу тереңдігі 91,1 пайыз, ақ мұнай өнімдерінің шығымы 80,3 пайыз болды.
Зауытта экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы іске асырылуда, оған болжамды құны шамамен 174 млрд теңге болатын 18 іс-шара кіреді. Жоспарланған жұмыстардың қатарында – технологиялық пештердегі жанарғыларды ауыстыру, газ фракциялау қондырғысын жаңғырту, жаңа сорғы станциясын, алау газдарын қайтару блогын және баяу кокстеу қондырғысындағы буды ұстау блогын салу.
Экологиялық бақылау бекеттерінің деректері әр сағат сайын «Қазгидрометке», одан әрі AIR KZ платформасына жіберіледі, 8 қазаннан бастап олар Атырау МӨЗ-нің ресми сайтында да жарияланады. Жыл соңына дейін экологиялық бақылау станцияларын жаңғырту жоспарланған. Кеңес қорытындысы бойынша Хасенов зауыт басшылығына табиғат қорғау жобаларының мерзімдерін қатаң сақтауды және кәсіпорынның тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Анықтама
Атырау МӨЗ-нің 99 пайызы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға тиесілі.


